Мемлекет жетім және мүгедектігі бар студенттер үшін жатақхана ақысының жартысын өтейді

Бірақ, бұл сома 29 АЕК мөлшерінен аспауы тиіс.

Ашық НҚА порталында Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы Үкімет қаулысының жобасына енгізілетін өзгертулер жария талқы үшін ұсынылды. 

Оған сәйкес, білім алуы кезінде мемлекеттен көмек алу құқығы бар азаматтар тізімі кеңейеді. Атап айтқанда, бұл тізімге жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедектігі бар (сондай-ақ, бала кезінен мүгедектігі бар) адамдар қосылады. 

Қаулы жобасына сәйкес, бұл аталған санаттарға жататын студенттер жоғары білім беру ұйымдарында оқу кезеңінде олардың жатақханада тұру ақысының 50 пайызын мемлекет өтейді. Алайда, өтелетін шығын сомасы 29 айлық есептік көрсеткіштен (2023 жылы – 100 050 теңге) аспауы тиіс. 

Қаулы жобасын талқылауға 28 наурызға дейін қатысуға болады. 


Оқи отырыңыз: 


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".