"Мемлекеттік қызметшілердің бәрі қазақ тілін білуі керек". Кесебаева вице-министрге ескерту жасады

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Жеңіс Өсербай қазақ тіліндегі сауалға орысша жауап беріп, сынға ілікті.

Мәжіліс отырысында депутат Геннадий Шиповских Ауыл шаруашылығы вице-министріне қазақ тілінде сауал қойып, ветеринария саласын цифрландыру туралы сұрады. 

Вице-министр Жеңіс Өсербай депутаттың сауалына орыс тілінде жауап берді. Осыған байланысты мәжіліс төрағасының орынбасары Балайым Кесебаева вице-министрге ескерту жасады.

"Барлық мемлекеттік қызметкер қазақ тілін, мемлекеттік тілді білуі керек. Сондықтан ол бойынша да дайындалып келуіңіз қажет", – деді мәжіліс төрағасының орынбасары.

Еске салайық, мәжіліс отырысында Қазақстандағы балық шаруашылығы мәселесі қаралып жатыр. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев баяндамасында "балық шаруашылығы" мамандығын оқыған мамандарды осы салад үш жыл жұмыс істеуге міндеттеуді ұсынды.


Оқи отырыңыз: Брекешев "Балық шаруашылығын" оқыған жастарды салада 3 жыл жұмыс істеуге міндеттеуді ұсынды


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".