Министр: Қыркүйектен бастап 1-4-сынып оқушылары толықтай тегін тамақпен қамтамасыз етіледі

Сонымен қатар халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 98 мың бала тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.

Президент оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Ғани Бейсамбаев қыркүйек айынан бастап мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі мұғалімдердің еңбекақысы 30 пайызға өсетінін айтты. Жыл соңына дейін балабақшаларда 81 мың орын ашу жоспарланып отыр. Сонымен қатар халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 98 мың бала тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.

"Биыл 1 қыркүйектен бастап 1-4-сынып оқушылары толықтай тегін тамақпен қамтамасыз етілетді. Оған қоса білім беру ұйымдарын дабыл түймелерімен, лицензиясы бар күзетпен, турникеттермен және жедел басқару орталықтарына қосылған бейнебақылау жүйелерімен жабдықтау жоспарланып отыр", – деді министр. 

Министр Ауыл мектептерін дамыту тұжырымдамасын да таныстырды. Биыл техникалық және кәсіптік білім алушы студенттердің 80 пайызы тегін оқиды. Қыркүйек айынан бастап олардың шәкіртақысы 50 пайызға, келесі жылы 100 пайызға артады. 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".