Мұғалімдердің білімін бағалауға өтініш қабылдау басталды

Өтініштер 9-10 қарашада қабылданады, ал бағалау 13-17 қараша аралығында өтеді.

2023 жылғы 9-10 қараша аралығында app.testcenter.kz сайтында педагогтердің білімін бағалауға өтініш қабылдау жүргізіледі, деп хабарлады Ұлттық тестілеу орталығы.

Педагогтердің білімін бағалау 13-17 қараша аралығында өтеді.

Ұлттық тестілеу орталығының хабарлауынша, тестілеуге келесі педагогтер қатыса алады:

  • педагогикалық (мамандықтар) бағыттар бойынша техникалық және кәсіптік, жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, тәжірибесі жоқ кандидаттар;
  • педагогикалық қызметті қайта жалғастырғысы келетін тұлғалар.

Еске салайық, педагогтер тестілеуді жылына екі рет тапсыра алады. 12 ай ішінде берілген өтінім саны асып кетсе де, сәуір айындағы тестілеуге қатыса алады.

Педагогтердің білімін бағалау бойынша түсіндірме материалды осы жерден оқи аласыздар.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".