Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 433 мыңнан астам қызмет алды

Порталды пайдалану бойынша кеңесті қолдау 1414 бірыңғай нөмірі арқылы алуға болады.

2023 жылдың басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы шамамен 383,2 мың мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын, 7,5 мың – ымдау тілі қызметін, 25,5 мың – жеке көмекшінің, 66,5 мың – санаторлық-курорттық емдеу қызметін алды. Бұл туралы ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды.

"Бүгінгі күні Порталда 868 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін орталық, 513 ОТҚ жеткізуші, 28 мыңнан астам жеке көмекші, 712 ымдау тілі және 109 санаторлық-курорттық емдеу қызметтерін ұсынушы тіркелген", – деп жазылған хабарламада.


Оқи отырыңыз: Мүгедектігі бар адамдар әуе билетін 50 пайыз жеңілдікпен алады


Порталды пайдалану бойынша кеңесті қолдау байланыс орталығынан, яғни 1414 бірыңғай нөмірі арқылы алуға болады.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".