Мүмкіндігі шектеулі балалар үйде тегін оқуға проактивті форматта қабылданады

Енді ата-аналар үшін құжат жинау, оны мемлекеттік органдарға өткізу қажеттігі қалмайды.

Қазақстанда жергілікті атқарушы органдар көрсететін психологиялық-педагогикалық қолдау саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған Денсаулық сақтау және Оқу-ағарту министрлерінің бірлескен бұйрығының жобасынан белгілі болды.

Пилоттық жоба аясында дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу, денсаулық жағдайы бойынша ұзақ уақыт бойы ұйымдарға бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау проактивті форматта жүзеге асырылады. 

Пилоттық жобаны жүзеге асыруда Smart Data Ukimet ақпараттық жүйесі қолданылады және баланың оқуға қабылданғаны жөнінде хабарлама абоненттің (ата-анасының) ұялы телефонына sms хабарлама ретінде келеді. 

Пилоттық жоба 2024 жылдың соңына дейін жүзеге асырылады. 


Оқи отырыңыз: Әлеуметтік осал топқа жататындар медициналық сақтандыру ақысын төлемейді


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".