Мүмкіндігі шектеулі жандарға сапалы жоғары білім беру концепциясы әзірленеді

Концепцияда мүгедектерге бөлінетін білім гранттарының санын арттыру көзделмек.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға сапалы жоғары білім беру концепциясы әзірленеді. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. 

"Сейфуллин атындағы КазАТУ университетінің қауымдастырылған профессорымен кездесу барысында мемлекет тарапынан мүмкіндігі шектеулі жандарға жоғарғы оқу орындарында бакалавриатқа бөлінетін жеке білім гранттарының мөлшерін 1%-дан ұлғайтуды қарастыру, магистратура және докторантураға мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жеке мемлекеттік білім гранттарын бөлу мәселесі, ЖОО ғимараттарында мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп-тұруына қолайлы болуын қамтамасыз ету мен қолдау орталықтарын ұйымдастыру секілді мәселелерді талқыладық", – деп жазды Саясат Нұрбек.
Оның жазуынша, зағип жандар қоғамның тең құқылы азаматы болуға әбден лайықты.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".