Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы Мүфтият сайтының мобильді қосымшасы іске қосылғанын хабарлады.
Мобильді қосымшада діни басқарманың ресми сайтындағы контентпен ыңғайлы форматта танысып қана қоймай, оны оқуға, көруге, тыңдауға мүмкіндік жасалған.
Сондай-ақ, намаз кестесін жүктеп, құбыланы анықтауға да болады.
Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасының жаңа қосымшасын Apple және Android платформаларында қолдануға болады және келесі сілтемелер арқылы жүктеп алуға болады.
Пікірлер