Мұхтар Шаханов "Жалын" журналын Жазушылар одағының қарамағына өткізді

Журналдың жаңа бас редакторы болып Құдияр Біләл тағайындалды.

"Жалын" республикалық әдеби-көркем журналы" РМҚК директор-бас редакторы Мұхтар Шаханов "Жалын" журналын Қазақстан Жазушылар одағының қарамағына өткізді. Бұл туралы "Жалын" журналының жаңа редакторы Құдияр Біләл хабарлады

"Мұхтар Шаханов өз басшылығындағы “Жалын” журналын Жазушылар Одағы қарамағына өз қалауымен өткізді. Соған орай Жазушылар Одағының Басқарма төрағасы Мереке Құлкенов ағамыздың бұйрығымен “Жалын” журналының Бас редакторы болып тағайындалдым", - деп жазды Құдияр Біләл. 

Журналдың Жазушылар одағының қарамағына өтуіне байланысты оның редакциясы Жазушылар одағының ғимаратына орналасқан.

Еске салайық, Жазушылар одағына қарасты ресми басылымдар қатарында "Қазақ әдебиеті" газеті, "Жұлдыз" және "Простор" журналдары бар. Жазушылар одағына Мереке Құлкенов төрағалық етеді. 

"Жалын" журналының тарихы 1969 жылдан альманах ретінде шығып тұрған кезеңнен бастау алады. 


Оқи отырыңыз: Ақын Мұхтар Шахановқа "Қазақстанның Еңбек ері" атағы берілді


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
1

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".