Наиб мүфти: Діни басқарма лаңкестер мен содырлардың теріс әрекетін айыптайды

ҚМДБ төрағасының орынбасары Ершат Оңғар төтенше жағдай ережесіне бағынуға шақырды.

"Дәл қазір ең маңыздысы – елдің ауызбіршілігін сақтау. Ел амандығын тілеп, алауыздыққа жол бермеу. Жаңа ғана Мемлекет басшысының халыққа үндеуін тыңдадым, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ел қамы үшін қабылдаған Президент шешімін толық қолдайды. Қасым-Жомарт Тоқаев ел ертеңіне қатысты түйткілді жайттар мен оны шешу жолдарына тоқталып өтті. Өздеріңіз білетіндей, қауіпсіздікті сақтау мақсатында төтенше жағдай кезінде мешіттер де жамағат болып намаз оқуға, басқа да діни шара ұйымдастыру уақытша тоқтатылды. Осы орайда жұртшылық жағдайға түсіністікпен қараса екен деймін. Өйткені, төтенше жағдай ережесіне бағыну маңызды", – деді Ершат Оңғар.

Наиб мүфтидің сөзінше, Қазақстан мұсылмандары діни бірлестігі елде бүліктің болуын қолдамайды және халықты сабырға шақырады.

"Елдегі болып жатқан жайт, өркениетті Қазақстанның демократиялық қағидатына кереғар және ойран салу, арандатушылыққа алып бару мұсылманға тән емес әрекет. Біздің басқарма лаңкестер мен содырлардың теріс әрекетін айыптайды", – деді ол.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".