NASA айға iPad планшетін жібереді

NASA "Орион" ғарыш кемесін Apple планшетімен жабдықтауды жоспарлап отыр.

АҚШ ұлттық аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу басқармасы (NASA) Artemis 1 бағдарламасы аясында iPad-ты ғарышқа жібермекші, деп хабарлайды 9to5mac.

Басылымның жазуынша, жобаның басты мақсаты – жаңа зымыран мен ғарыш аппаратының ғарышкерлерді Айға жіберуге қабілетті екенін көрсету. NASA сонымен қатар Amazon Alexa дауыстық көмекшісін сынақтан өткізу үшін Orion ғарыш кемесін Apple планшетімен жабдықтауды жоспарлап отыр.

Ведомство дауыстық көмекшілер ғарышкерлердің ғарыштағы өмірі мен жұмысын қалай жақсарта алатынын көрсетпек. Сарапшылардың айтуынша, ғарышкерлер камерасы мен микрофоны бар консоль арқылы Alexa дауыстық көмекшісіне сұрақтар қояды.

NASA маусым айының соңында American Space Launch System (SLS) зымыран тасығышының стендтік сынақтарының аяқталғанын хабарлады. Тамыз айында SLS ұшқышсыз Artemis 1 миссиясының бөлігі ретінде "Орионды" Айға жібереді.


Оқи отырыңыз: Ғарышқа киім таңдау қиын


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".