"Жолаушылар тасымалы" АҚ наурыз мерекелеріне орай пойыздар мен вагондар санын арттыруды жоспарлап отыр.
Атап айтқанда, қосымша үш пойыз келесі бағыттар бойынша екі бағытта жүреді:
- "Астана - Алматы-1" бағыты бойынша №201/202 пойызы, 4 рейс;
- "Астана - Шымкент" бағыты бойынша №203/204 пойызы, 3 рейс;
- "Ақтөбе - Шымкент" бағыты бойынша №205/206 пойызы, 2 рейс.
"Мереке күндері 7 наурыздан бастап жолаушылар пойыздарына, әсіресе, тасымалдауға сұранысы жоғары бағыттарға 398 қосымша вагон қосылады" делінген ресми хабарламада.
Оқи отырыңыз: 14 күн демалыс! Қазақстандағы наурыз мерекелері мен демалыс күнтізбесі
Еске салайық, 2024 жылдың наурыз айында қазақстандықтар 14 күн демалады.
- 8 наурыз, жұма – Халықаралық әйелдер күні.
- 21-23 наурыз – Наурыз мейрамы. 23 наурыз сенбіге сәйкес келеді, сондықтан демалыс күні 25 наурызға ауыстырылды.
Пікірлер