Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды

Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда облысы әкімі қызметінен босатылды.

Президенттің жарлығымен Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қызылорда облысының әкімі лауазымына тағайындалды. Жарлық Ақорда сайтында жарияланды. 

Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы 13 қазанда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша (1997), Қазақ гуманитарлық Заң университетін (2003) заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған. Экономика ғылымының кандидаты.

Ол бұған дейін премьер-министр кеңсесінің өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарса, 2013-2021 жылдары Қызылорда қаласының әкімі болды. 


Оқи отырыңыз: Нұржан Нұржігітов Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".