Нұрсұлтан Назарбаев күзгі сайлауда кандидат бола алмайды

Тұңғыш президенттің сайлауға шексіз қатысу мүмкіндігі жалпыхалықтық референдум кезінде алынып тасталды.

Әділет министрлігі Нұрсұлтан Назарбаевтың күзде өтетін сайлауға кандидат ретінде қатыса алмайтынын хабарлады. Маусым айында өткен жалпыхалықтық референдум барысында бұл мүмкіндік Конституциядан алынып тасталған. 

Әділет вице-министрі Алма Мұқанованың айтуынша, референдум барысында ұсынылған және қабылданған шешімдердің арасында тұңғыш президенттің мүмкіндіктерін шектеу шаралары да болды. 

"Қабылданған өзгерістер барысында Қазақстанның тұңғыш президентінің президенттік сайлауға екіден артық рет түсуіне мүмкіндік беретін талап алынып тасталған", – деп еске салды Алма Мұқанова. 


Оқи отырыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауын 2022 жылғы күзде өткізуді ұсынды


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".