Нұрсұлтан Назарбаев референдумда дауыс берді

Елбасы сайлау учаскесінде болды.

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша референдумда дауыс берді. 

Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: Елбасының баспасөз қызметі

Референдумға 11 миллионнан астам қазақстандық қатыса алады.

Қазақстан азаматы ЖСН нөмірі арқылы өзінің учаскесін таба алады. Ал табылмаған жағдайда, ақпарат ресурсының соңында әкімдіктердің call орталығының тізімі шығады. Солардың біріне хабарласып, қайда барып дауыс беру керегін білуге болады.
Референдумға қатысушыларға бір ғана сұрақ қойылады. Ол – "2022 жылғы 6 мамырда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Конституцияға өзгертулер мен толықтырулармен келісесіз бе?".

Өзгерістер топтамасын қолдап, не қарсы болып жауап беруге болады. Егер қатысушылардың 50 пайыздан астамы дауыс берсе, референдум өткізілді деп танылады. Ал өзгертулерді қабылдау үшін референдум қатысушыларының 50 пайыздан астамы қолдап дауыс беруі керек.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".