Нұртөре Жүсіп: Төтенше жағдайда көмек беру бар, бірақ алдын алу жоқ

Сенатор Төтенше жағдай министрлігінің қызметін сынға алды.

Адамдардың өмірі мен денсаулығына төнетін қауіп-қатердің алдын алу – ТЖМ органдарының тікелей міндеті ылғи ұмыт қалады, деді сенат депутаты Нұртөре Жүсіп үкімет басшысының атына жолдаған депутаттық сауалында.

"Су тасқыны, қар көшкіні, сел мен жаңбыр, дала мен ормандағы өрт көбейді. Жақында Екібастұзда авария болды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша үкімет мүшелері қаланың жылу орталықтарында болған авария салдарын бақылау үшін қайта-қайта шапқылап жатыр. Төтенше жағдайдағы басты ұран "Алдын алу, құтқару және көмек беру" болуы тиіс. Көп жағдайда біз тек қана құтқару мен көмек беру ісімен айналысып келеміз. Адамдардың өмірі мен денсаулығына төнетін қауіп-қатердің алдын алу – ТЖМ органдарының тікелей міндеті ылғи ұмыт қалады. Неліктен бұлай", – деді Нұртөре Жүсіп.

Сонымен қатар сенатор апат кезінде үкіметтің өз міндетін орындап, тез әрекет етудің орнына президенттің нұсқауын күтіп қалатынын, солай проблемаларды шешу процесін кешіктіретінін айтты. Сондай-ақ аса маңызды нысандарға қауіпсіздіктің кешенді жүйесін енгізуд ұсынды.


Оқи отырыңыз:


"Атқарушы билік пен ТЖМ қызметін бағалауда міндетті түрде халықты және сол аумақтарды қорғау ісінде алдын алу шараларын қалай жасап жатқаны ескерілсе деймін. Барлық деңгейдегі тиісті лауазымды тұлғалардың төтенше жағдайдың алдын алу және өрт, су және техногендік қауіпсіздікті ұйымдастыру жөнінде нақты жұмыс жүргізгені үшін жеке жауапкершілігін енгізу керек", – деді Нұртөре Жүсіп.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".