Өскеменде дрифт жасаған жүргізуші жауапқа тартылды

Ер адам өзінің жол жүрісі қағидаларын бұзған сәтін видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған.

Аталған жағдай Әуезов даңғылында демалыс күні болған. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

28 жастағы азамат инстаграмда қызықты бейнеролик көрсету мақсатында, жол жүрісі қағидаларын бірнеше тармақтарын бұзып қана қоймай, өзі үшін де, айналасындағылар үшін де қауіпті жағдай туғызған.

Сонымен қатар, ер адам маневр жасау кезінде бұрылу белгісін қоспай, артқы дөңгелектерін әдейі сырғытқан. Осылайша жол белгілері мен жол жабынын зақымдаған. Көлік жүргізушісіне қатысты жол жүрісі қағидалары, яғни қозғалыс басталғанға дейін бағытты өзгерту, бұрылу, кері бұрылу немесе тоқтау сигналын беру талаптарын орындамағаны үшін, сондай-ақ жолдарға зақым келтіргені үшін хаттамалар толтырылды.


Оқи отырыңыз: Шымкентте қарлы жолда дрифт жасағандар жауапқа тартылды


Ол аталған ереже бұзушылықтар үшін айыппұл төлейді.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".