Өскеменде пәтердегі өрт салдарынан бес адам қауіпсіз жерге көшірілді

Олардың бірі – бала.

Өскеменде құтқарушылар өрт болған пәтердің тұрғындарын эвакуациялауға мәжбүр болды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Бес қабатты үйдің төртінші қабатында орналасқан пәтерде жиһаздар мен жеке заттар өртенді. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер бес тұрғынды эвакуациялады, олардың бірі – бала", – деп жазылған хабарламада.

Пәтердегі өрт сөндірілді.


Оқи отырыңыз: Астанада өрт сөндірушілер көпқабатты үйде болған өрттен 7 адамды құтқарды


Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандықтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға, өрт болған жағдайда дереу 101 немесе 112-ге хабарлауға шақырды.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".