Ольга Перепечина парламент сенаты төрағасының орынбасары болып сайланды

Депутаттар шешімді бірауыздан қолдады.

Парламент сенаты төрағасының орынбасары болып Ольга Перепечина сайланды.

Конституциялық нормаларға сәйкес, палата төрағасының орынбасарына кандидатураны cенат төрағасы ұсынады. Осы құқықты пайдалана отырып бұл лауазымға Ольга Валентинқызы Перепечинаның кандидатурасын ұсынамын. Ольга Валентинқызы өз ісінің нағыз маманы, тәжірибелі сенатор. Соңғы төрт жылдан астам уақытта сенаттың қаржы және бюджет комитетін басқарды, – деді сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Регламентке сәйкес, палата төрағасының орынбасарын сайлау туралы қаулы ашық дауыс беру арқылы қабылданды. Депутаттар шешімді бірауыздан қолдады.

Еске салсақ, сенаторлар мемлекеттік бастамаларды Елбасымен келісу қажеттілігін жоюды ұсынды.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".