Оңтүстік Кореяда енді Қазақстан азаматтарын заңды түрде жұмысқа қабылдай алады

Қазақстан азаматтары Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге мүмкіндік алуы мүмкін.

Екі елдің Еңбек министрлігінің өкілдері жаңа жүйе енгізу мәселесін талқылады, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Employment permit System жүйесі отандастарымыздың заңды түрде жұмысқа орналасуын, тең еңбек жағдайлары мен құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, Оңтүстік Кореяда жүрген отандастарымыздың еңбек жағдайларын жақсартып, құқығын қорғауға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, алдағы уақытта Қазақстанда Корей даярлау орталығын ашу жоспарланған.


Оқи отырыңыз: Корея мен Қазақстан өзара туризмді қалай дамытып жатыр?


Айта кетейік, бірнеше жылдан бері жерлестеріміз нәпақа табу үшін Оңтүстік Кореяға ағылып жатыр. Сыртқы істер министрлігінің өткен жылғы ақпаратына сүйенсек, бұл елде 7-8 мыңға жуық отандасымыз заңсыз жұмыс істеп жүр.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".