Оқу министрлігі халықаралық пән олимпиадаларындағы нәтижені қалай жақсартпақ?

Олимпиада алдындағы оқу-жаттығу жиындарының күні екі есе артады.

Оқу-ағарту министрлігі Қазақстан оқушыларының халықаралық пән олимпиадаларындағы нәтижесін жақсарту мақсатында министрдің бұйрығына өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр. 

Бұл өзгерістер негізінен екі бағытты қамтиды. 

  • Біріншісі – халықаралық олимпиадаларға қатысатын ұлттық құрама команданың тек отандық ЖОО ғана емес, сонымен қатар шетелдік университеттердің оқу-әдістемелік орталықтарында жаттығуына жол ашу. Бұл үшін Қазақстан жақын және алыс шет мемлекеттердің оқу-ағарту саласындағы ведомстволарымен ынтымақтастықты арттырмақ. 
  • Екіншіден, құрама мүшелерінің оқу-жаттығуының ұзақтығы артады. Қазіргі таңда ол 14 күнмен шектелетін болса, енді екі есе артып, 12-30 күнтізбелік күнді құрайтын болады. 

"Бұл өзгеріс халықаралық олимпиадаларға қатысу үшін ұлттық құрама командаларды дайындау бойынша оқу-жаттығу жиындары Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының базасында да, шетелдік ЖОО-ның оқу-әдістемелік орталықтарында да өткізу үшін енгізіледі», – делінген құжат жобасында.


Оқи отырыңыз: 16-20 қаңтардағы ҰБТ-ға тегін дайындық сабақтарының кестесі


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".