Оқушылар мен студенттердің қоғамдық жұмыстарға қатысуына бола ма?

Ол үшін баланың ата-анасы немесе заңды өкілдерінің бірінің және білім беру ұйымының жазбаша келісімі қажет.

Оқушылар мен студенттердің қоғамдық жұмыстарға қатысуына бола ма? Бұл туралы "Ашық диалог" порталының қолданушысы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеновадан сұрады.

Министрдің жауабына сүйенсек, жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары мен студенттер оқудан бос уақытында қоғамдық жұмыстарға, денсаулыққа зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмыстарға қатыса алады.

Бұл туралы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы №516 бұйрығымен бекітілген "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында" жазылған.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда бакалаврды бітірген дәрігерлер неге медбике болып қана жұмыс істей алады?


Жалпы білім беретін мектептің 16-18 жастағы оқушысы немесе студент қоғамдық жұмыстарға қатысу үшін:

  • өтініш;
  • ата-анасы немесе заңды өкілдерінің бірінің жазбаша келісімін;
  • білім беру ұйымының оқу процесінен тыс қоғамдық жұмыстарға қатысуға жазбаша келісімін өткізуі керек.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".