Орал әуежайы Мәншүк Мәметованың есімін иеленді

Мұндай бастаманы қоғам белсенділері мен депутаттары 2021 жылы көтерген болатын.

Орал халықаралық әуежайына Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың есімі берілді. Қаулыға ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов қол қойды.

Мәншүк Мәметова 1922 жылы Орал облысы (бүгінде – Батыс Қазақстан облысы) Бөкей ордасы ауданында дүниеге келген. Ол 1942 жылы тамызда Қызыл әскер қатарына алынып, 21-атқыштар дивизиясы құрамында соғысқа қатысты. Аға сержант, пулеметші болған Мәншүк Мәметова Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста қаһармандықпен қаза тапқан.

Оған 1944 жылы Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.


Оқи отырыңыз: Жөндеуден өткен "Қызылжар" халықаралық әуежайы неге қаңырап бос тұр?


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".