Ораза 2024: Тарауық намазын оқу қашан аяқталады

Қазіргі таңда республика бойынша 565 мешітте 637 қари Құран хатым етіп жатыр.

Биылғы Рамазан айында тарауық намазын оқу Қадір түні, яғни 5 сәуірде аяқталады. 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәліметінше, қазіргі таңда еліміздің 565 мешітінде 637 қари күнделікті тарауық намазында Құран Кәрімді хатым етіп жатыр.

"Қариларымыз Рамазанның 27-і күні, яғни Қадір түнінде Құран Кәрімді толықтай оқып бітіріп, халықпен бірге хатым дұғасы жасалады. Сондай-ақ, Құран секторы құрылған бір ай ішінде Алматы облысында тұңғыш рет имамдар арасында аймақтық Құран байқауы ұйымдастырылды. Сондай-ақ Астанада ерлер мен әйелдер арасында онлайн Құран сайысы өтті", – деді ҚМДБ Құран сектор меңгерушісі Серік қари Ахмет. 

Қазіргі таңда елімізде 2854 мешіт жұмыс істеп тұр. Соның 565-інде тарауық намазында Құран Хатым жасалуда. 


Оқи отырыңыз: Рамазан және Наурыз: 33 жылда бір келетін сәйкестік


Еске салайық, Тарауық намазы Оразадан бұрын, 10 наурыздан басталды. Биыл Ораза ұзақтығы – 30 күн. Оразаның соңғы күні – 9 сәуір. 

Ораза кестесімен осы сілтеме арқылы танысуға болады. 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".