Ораза-2025: Бірінші тарауық намазы 28 ақпанда оқылады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Биыл ораза 1 наурыздан басталады.

2025 жылғы тарауық намазын оқу 28 ақпанда басталады. Ал оразаны 1 наурыздан бастап ұстау шарт.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының түсіндіруінше, Рамазан айынан бір күн бұрын, кешкі құптан намазынан соң тарауық намазы оқыла бастайды. 

"Тарауық намазы 20 ракағаттан тұрады. Әр екі ракағаттан кейін сәлем береді. Төрт ракағат етіп оқыса да болады. Жалғыз оқыса да дұрыс, бірақ жамағатпен оқығанның сауабы зор. Тарауық намазымен бірге үтір намазы да жамағатпен оқылады. Имам тарауық намазы мен үтір намазының қирағатын дауыстап оқиды", – делінген ҚМДБ ресми сайтында.

Тарауық намазының дұғасы: 

"Субхана зил-мулки уәл-мәләкут. Субхана зил-иззати уәл-азамати уәл-құдрати, уәл-кибрияи уәл-жәбәрут. Субханәл-мәликил-хайилләзи лә янаму уә ла ямут. Суббухун, қуддусун Раббуна уә Раббул мәләәикәти уәрруух. Лә иләһә илла Алла настағфируллаһ. Насәлукәл джанната уә нағузу бика минәннаар".

Қазақша мағынасы: Жердегі және аспандағы жаратылыстардың иесі – Алла Тағаланы әрқандай кемшіліктен пәк деп білемін. Үстемдік, ұлықтық, құдірет және жоғары мәртебелік иесі – Алла Тағаланы әрқандай нұқсаннан пәк деп білемін. Еш өлмейтін, мәңгі тірі, бүкіл әлемнің патшасы – Алла Тағаланы әрқандай айыптан пәк деп білемін. Ол мін-кемшіліктерден пәк әрі таза, періштелердің және Жәбірейілдің Раббысы, бір Алладан басқа құдай жоқ. Біз Алла Тағаладан күнәларымыздың кешірілуін сұраймыз. (О, Жаратқан Иеміз!) Сенен жәннатты сұраймыз, Саған тозақ отынан құтқар деп сиынамыз.

Еске салайық, бұған дейін пітір садақасы мен підия садақасының мөлшері мен 2025 жылғы ораза кестесін жариялағанбыз.  


Оқи отырыңыз: 


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".