Орталық Азияның спорт ойындары араға 20 жыл салып қайта өтеді

Спорттық ойындар Қазақстанда 1997 жылы ұйымдастырылған болатын.

1995 жылы Ташкенттен бастау алып, 2003 жылы Душанбеде соңғы рет өткізілген Орталық Азияның спорттық ойындары қайта жанданатын болды. Бұл туралы хабарлаған UzA агенттігі шара өтетін ел мен мерзім кейін белгілі болатынын жазды.

Орталық Азияның спорттық ойындарын қайта өткізу туралы шешім Оңтүстік Кореяда өткен Ұлттық олимпиадалық комитеттер қауымдастығының Бас ассамблеясы аясында Орталық Азия елдері Ұлттық Олимпиадалық комитеттерінің кезекті сессиясында қабылданды. Шараға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан ҰОК өкілдері қатысып, Орталық Азия ойындарын қайта жаңғырту мәселелерін талқылады.

Келісімге сәйкес, тараптар спорт бағдарламасын әзірлеп, алдағы екі жылда Орталық Азия ойындарын қайта жалғайтын болады. Ойындарға жеті ел – Қазақстан, Ауғанстан, Иран, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстанның спортшылары қатысады деп жоспарланып отыр.

Орталық Азия спорттық ойындары 1995 жылы Ташкентте, 1997 жылы Алматыда, 1999 жылы Бішкекте және 2003 жылы Душанбеде ұйымдастырылған.


Оқи отырыңыз: Түркияда IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтіп жатыр. Фоторепортаж


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".