Өскеменде автобус қағып кеткен жаяу жүргінші көз жұмды

Жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды.

Оқиға 28 қараша күні таңертең болған. Бұл туралы ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Абай даңғылындағы аялдамада автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жаяу жүргінші оқиға орнында қаза тапты.

"Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары тергеу жүргізіп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", – деп жазды ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Оқи отырыңыз: Астанада автобус жүргізушісі бағдаршамның қызыл түсіне өтіп, әйелді қағып кетті


Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігімен (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзуы) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".