Отбасы банкі ұлттық даму институтына айналады. Үкімет қаулысының жобасы талқыға ұсынылды

Азаматтарды есепке қою және оны жүргізу құқығы жергілікті әкімдіктерден Отбасы банкіне өтеді.

Ашық НҚА порталында "Отбасы банкі" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамына ұлттық даму институты мәртебесін беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы жария талқыға ұсынылды.

Қаулы жобасына сәйкес, даму институты тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асырумен айналысады. Бұл ретте Отбасы банкіне азаматтарды есепке қою және оны жүргізу, сондай-ақ тұрғын үйді бөлу жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың функциялары беріледі. 

Бұл өзгеріске  30 қазанда ҚР Парламентінің Мәжілісі қабылдаған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы негіз болып отыр. 


Оқи отырыңыз:


Еске салайық, 2023 жылы бұл мәселе Мәжілісте талқыланған кезінде бірқатар депутат Отбасы банкін екінші деңгейлі банктер қатарынан шығару жөніндегі Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ұсынысына қарсы болған еді. Өйткені, бұл жағдайда Отбасы банкі депозиттерді кепілдендіру жүйесінен шығып қалады. Кейін министрлік Отбасы банкі даму институтына айналған жағдайда екінші деңгейлі банк функцияларын сақтап қалатынын мәлімдеді. 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".