Өзбекстан Қазақстанмен екі арадағы кеден бекетін кеңейтуді жоспарлап отыр

Бұл үшін мемлекеттік резервтегі 1,81 гектар жер бөлінді.

Өзбекстан Қазақстанмен байланыстыратын "Ғишткуприк" шекара бекетін (қазақстандық атауы "Жібек жолы") кеңейтеді. Бұл үшін мемлекеттік резервтегі пайдаланылмай жатқан 1,81 гектар ауыл шаруашылығы жері қосымша ғимараттар мен құрылыстарды салу үшін бөлінген. Бұл туралы Ташкент облысы әкімінің қаулысынан белгілі болды, деп хабарлады UzA агенттігі

Еске салайық, кеден бекетінің қазақстандық бөлігін де дамыту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Атап айтқанда, Түркістан облысына қарайтын Сарыағаш ауданының тұрғындары мен қонақтарына қолайлы жағдай жасалмақ. Бұл ретте ретсіз сауданы жою, ақша айырбастау орындарын, қонақ үй және туристтерге бағыт-бардар беретін пунктер қызмет көрсету орындарын ұйымдастыруды көздейтін ірі сауда орталығы бой көтеріп жатыр. 

Қазіргі уақытта аысанның іргетасы қаланып, ғимараттың шатыры жабылған,сонымен қатар терезелері де орналастырылған.


Оқи отырыңыз: Түркі мемлекеттеріне ортақ оңайлатылған кеден дәлізі құрылады


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".