Өзбекстанда қазақ университеті ашылады

Университет биыл мыңға жуық студентті қабылдайды.

Өзбекстанда техникалық бағыт бойынша еліміздегі жоғары оқу орындарының филиалы ашылады. Алдағы уақытта су мамандары, гидрологтар білім алып шығады. Бұл туралы 24.kz сайты хабарлады.

Елімізде жыл сайын бұл салаға қажет маман даярлау үшін 172 грант бөлінгенімен, игерілмей қалады. Осы мәселені шешу үшін Алматыдағы аграрлық зерттеу университеті Ташкент ирригация институтымен қос диплом бағдарламасын енгізуді көздеп отыр. Мұның қатарында Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті де бар. 

"Өзбекстанда су шаруашылығы жақсы дамыған. Ташкент мелиорация университетінің профессорлары бізге келіп, сабақ береді. Ал біздің студенттер бір немесе екі семестр Ташкентке барып оқиды. Сөйтіп заманауи кадрлар даярлаймыз", – деді Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ректоры Ақылбек Күрішбаев.


Оқи отырыңыз: Білім беру саласы үшін үздік елдер рейтингінде Қазақстан ТМД ішінде Өзбекстанның ғана алдында


Алдымен студенттер Ташкентте академиялық білім алады. Кейін Қазақстанда су шаруашылығына арналған жоғары оқу орны ашылады.

"Біз Қазақстанда инженерлік және инновациялық саладағы университеттердің филиалдарын ашқымыз келеді. Өзбекстанда да филиал ашуды көздеген қазақстандық жоғары оқу орындары көп", – деді Өзбекстанның жоғары білім, ғылым және инновациялар министрі Иброхим Абдурахимов. 

Екі елдің оқу орындары арасында 270-тен астам меморандум жасалған.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".