Пәкістанда адам ағзасын заңсыз сатып пайда тапқан қылмыстық топ құрықталды

Пәкістан полициясы ағза сатумен айналысқан 8 адамды құрықтады.

Құзырлы орган өкілдерінің ақпараты бойынша 300-ге жуық адам олардың құрбаны бол5ан болуы мүмкін, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Алдын ала болжам бойынша топқа жетекшілік еткен хирург Фавад Мухтар азаматтардың ешқандай келісімінсіз, жеке үйде ота жасап, тірі донорлардан күштеп алынған ағзаларды қалталы науқастарға сатып отырған. Бұған дейін бес мәрте дәрігерлік салғырттығы үшін істі болған ақ халатты кепілмен қамаудан босап шыққан.

Пәкістан полициясы ағза сатумен айналысқан 8 адамды құрықтады. Олар азғындық әрекеттерін шығыс Пенджаб және Кашмир провинцияларында жасап келген. Қылмыстық топ тек бір бүйректің өзін 10 миллион рупий немесе 120 мың долларға сатып отырған. Жергілікті билік өкілдері ағзасынан күштеп айырылған үш азамат ауыртпалықты көтере алмай көз жұмғанын айтады. Олар мұндай заңсыз операцияға зорлықпен жеткізілгендердің қатары бұдан да көп болуы мүмкін екенін айтты. Айта кету керек, Пәкістанда 2010 жылдан бері адам ағзасының саудасына ресми тыйым салынған.


Оқи отырыңыз: "Жоғары жалақы мен түсініксіз жұмыс". Адам саудасының құрбаны кімдер?


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".