Паралимпиада-2024: қоржынға бір алтын, бір қола медаль түсті

Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 1 қола жүлде бар.

XVII жазғы Паралимпия ойындарында пара пауэрлифтингтен 54 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен Давид Дегтярев алтын медаль жеңіп алды.

Жерлесіміз 188 кг салмақты еңсеріп, екі дүркін Паралимпиада чемпионы атанды.

Дастан Мұқашбеков ядро лақтырудан F36 санатында қола медаль жеңіп алды.

Оның нәтижесі – 16 метр. Бұл – Азия құрлығының жаңа рекорды саналады.

Жалпы жетінші күннің нәтижесі бойынша, пара жүзуден Зүлфия Ғабидуллина 50 метрге брасс әдісімен жүзуде 10-орынға тұрақтады. Оның уақыт көрсеткіші – 1:12.07 секунд. 

Волейболды отырып ойнау: Қазақстан құрамасы Бразилия спортшыларынан 3:0 есебімен басым түсіп, XVII жазғы Паралимпия ойындарын 5-орынмен аяқтады.

Паралимпиаданың жетінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 1 қола жүлде бар.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".