Парижде "Желсіз түнде жарық ай" әніне түсірілген анимациялық бейнебаян жарыққа шықты

Бейнебаян сегіз ай бойы түсірілген.

Парижде ұлы ақын Абай Құнанбаевтың "Желсіз түнде жарық ай" әніне түсірілген анимациялық бейнебаян жарыққа шықты. Бұл туралы "Хабар 24" хабарлады.

Бейнебаянды қазақстандық Доминика Қыдырбаева бастаған 12 аниматор сегіз ай бойы түсірген. 

"Бұрын Абай туралы ешнәрсе білген жоқпын. Осы жобаның арқасында Қазақстан мәдениетімен жақын таныстым" – деді анимация жобасының мүшесі Клоэ Бенами. 


Оқи отырыңыз: "Адамдар өзінің кім екенін ұмыта бастады". Бейбітшілікке үндейтін жаңа бейнебаян


Бұл идеяны меценат Лариса Инджуджян қолдап, жобаға Қазақстаннан кәсіби музыканттарды шақырған. Бір жарым ғасырға жуық тарихы бар ән бейнебаянда қазақ тілінде шырқалды. Алайда, жоба мамандары үшін француз тіліне авторлық аударма да жасалды

"Қобыз, ұлттық қазақ өнерін насихаттайтын музыкант болғандықтан, жобаға қатысқаныма өте қуаныштымын. Қызықты жұмыс болды. Өйткені Абайдың шығармашылығы, оның әндері, мәдениетіміз басқа елдерде, шетелде насихатталып жатыр" – деді музыкант Ғазиза Ғабдрахимова. 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".