"Пәтер алып беремін". Шымкентте ХҚКО қызметкері тұрғындарды 180 млн теңгеге алдаған

Ол бірнеше рет аса iрi мөлшерде ақша өндірген.

Шымкент қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығында бас маман қызметін атқарған А. бірнеше адамды алдап кеткен.

Шымкент соттарының мәліметінше, сотталушы А. 2022 жылы жәбірленуші К.-ға, алаңы 20,0800 га жер учаскесін оның атына жекешелендіріп беретінін айтқан. Әрі қарай, тестілеу орталығын ашып, бірге жұмыс жасауға келісіп, пәтерді арзан бағаға алып беретіні туралы алдап 113 миллион теңге қаражат алған.

"Қалған 14 көрініс бойынша көрсетілген тәсілмен 14 жәбірленушілерден мемлекеттік бағдарламалар бойынша пәтер алып беретінін айтып алдап, бірнеше рет аса iрi мөлшерде ақша өндірген. Жәбірленушілерге  71 356 000 теңге материалдық зиян келтірген. Сот А.-ға ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен алты жыл сегіз ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындады", – делінген хабарламада. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".