Павлодар ауданында үш күн бойы қамауда отырған балалар құтқарылды

Ата-анасы кәмелетке толмаған балаларын сыртқа шығармай, мектепке де жібермеген.

17 мамырда рейдтік іс-шаралар барысында Павлодар ауданының прокуратурасы тұрмысы нашар отбасын анықтады. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ата-анасы үш күн бойы үйді ішінен жауып алып, үш кәмелетке толмаған баланы үйден шығармаған. 

"Отбасы бірнеше күн бойы ішімдік ішіп, балаларды үйде ұстағаны, мектепке және далаға шығармағаны анықталды. Қабылданған шаралармен Павлодар ауданының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдарымен, білім беру бөлімімен, полиция бөлімімен, денсаулық сақтау бөлімімен бірлесіп, балаларды босатты. Оларға алғашқы қажетті көмек көрсетілді", – деп жазылған хабарламада.

Аудан прокуратурасы уәкілетті органдармен бірлесе отырып профилактикалық іс-шаралар өткізуді жалғастыруда.


Оқи отырыңыз: Жаңа туған сәбилерін саудалаған ана 8 жылға сотталды


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".