Павлодар облысында 2,1 млрд теңгенің жер телімі мемлекетке қайтарылды

Бұл жер елді мекеннің жерлеріне жатады және жергілікті халықтың малын жаюға арналған.

Тереңкөл ауданының прокуратурасы «Вильгельм» ШҚ 20 жыл мерзімге 1 552 га жайылымды негізсіз беру фактісін анықтады. Бұл туралы Павлодар облысының прокуратурасы хабарлады.

Аудан прокуратурасының қадағалау актісі бойынша жер ресурстарын басқару департаменті жерді жалдау шартын жарамсыз деп тану туралы талап арыз берді. Облыстың МАЭС шешімімен Департаменттің талап қоюдан бас тартылды.

«Бұл ретте сот учаскені беру мүмкін емес екенін назарға алған жоқ, өйткені ол елді мекеннің жерлеріне жатады және жергілікті халықтың малын жаюға арналған», – деп жазылған хабарламада.


Оқи отырыңыз: "Жалған қол қойып, атымыздан несие алды". Солтүстікте ауыл азаматтары жер телімін серіктестіктен ала алмай отыр


Павлодар облысы прокуратурасының апелляциялық өтінішхаты бойынша сот шешімі өзгертілді, талап қанағаттандырылды. Құны 2,1 млрд теңге болатын жер мемлекетке қайтарылды.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".