Павлодар облысында браконьерлер 12 елікті атып өлтірді

Сотқа дейінгі тергеу амалы басталды.

Ауыл тұрғындарының қырағылығының арқасында Мичурино ауылының маңындағы Ертіс өзенінің жайылмасында полиция қызметкері ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің өкілімен бірлесіп ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда заңсыз аң аулау фактісінің жолын кесті. Бұл туралы Полиция департаменті хабарлады.

"Жергілікті тұрғындардан қоңырау келіп түсті. Олар екі адамның аң аулайтынын хабарлады. Аталған жерге барғанда екі ауыл тұрғыны елік аулауды заңсыз жүргізгені анықталды. Оқиға орнынан 12 жануардың ұшасы, қарда жүретін көлік, 5 дана тегіс ұңғылы мылтық табылды", – деп жазылған хабарламада.

Күдіктілерге қатысты заңсыз аң аулау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


Оқи отырыңыз: Елікті атып өлтірген Ақмола облысының тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалы басталды


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".