Павлодар облысында ерлі-зайыптыға иіс тиіп, 34 жастағы әйел қаза болды

Оларды иіс тиіп жатқан жерінен туыстары тауып алған.

Павлодар облысы Черноярка ауылында бір отбасы ысқа уланып қалды, деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.

Қайғылы оқиға 1 қазанда болған.

"Құтқарушыларға хабарлама сағат 15.53-те келіп түсті. Қатты отынмен жылитын пеш дұрыс істемеген. Салдарынан 1984 жылы туған ер адам ауыр дәрежедегі көміртегі тотығымен уланып, ауруханаға жатқызылды. Оның 1990 жылы туған әйелі сол жерде қайтыс болды. Оларды туыстары тауып алған", – делінген хабарламада.

Ер адам жансақтау бөлімінде жатыр.

Төтенше жағдайлар департаменті пешті жылыту кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".