Павлодар облысында кішкентай бүлдіршінді ұрған тәрбиешінің көмекшісі жұмыстан шеттетілді

Фото: Esi Grünhagen
Фото: Esi Grünhagen
Бұл жағдай қаладағы жекеменшік балабақшада болған.

Павлодар облысында кішкентай бүлдіршінді тұншықтырып ұрған тәрбиешінің көмекшісі жұмыстан шеттетілді, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Бөбекжай қызметкері бір жасар ұлды күшпен ұйықтатуға тырысқан екен. Ата-аналардың шағымынан кейін іске полиция қызметкерлері араласты.

Бұл жағдай қаладағы жекеменшік балабақшада болған. Түскі уақытта кіші топтағы балалардың бірі ұйықтамай қойған. Тәрбиешінің көмекшісінің мазасы кеткен бүлдіршіннің жанына барып, бетін көрпемен жауып жатқаны байқалады. Бірақ бала қарсылық танытып, жылайды. Сол сәтте ашуға булыққан қызметкер оны шапалақпен тартып жібереді.

Ата-аналар бұл жайтты бейнебақылау камерасынан көріп, шағым түсірген. Бірақ бала күтуші кінәсін мойындамай қойған. Басы дауға іліккен әйел осы мектепке дейінгі білім беру мекемесінде 15 жылдан бері жұмыс істеген екен.

"Бұл жағдай Екібастұз қаласындағы "Сәби сити" жекеменшік балабақшасында орын алды. Ата-аналар білім бөліміне шағымданды. Қазіргі таңда полиция басқармасымен тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тәрбиешінің көмекшісі уақытша жұмыстан шеттетілді. Тексеріс аяқталған соң заңды түрде шешім қабылданады", – деді Екібастұз қаласы білім бөлімінің сектор меңгерушісі Сұлушаш Ибраева.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".