Павлодар облысында "Қызыл кітапқа" енген арқарлардың саны көбеюде

Арқарлар Баянауыл ауданының таулы аймағында мекендейді.

Бүгінде өңірде қой тұқымдасына жататын сүтқоректілердің ең ірі түрі – арқарлардың саны 750-ге жетеді. Бұл туралы Pavlodarnews.kz жазды.

Өңірлік даму орталығында өткен облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының 2023 жыл қорытындысы туралы кеңесте Баянауыл ауданында арқарлар саны артқаны айтылды. 

"Арқарлар Баянауыл ауданында мекендейді. Жыл сайын популяциясы 1,4 пайызға өсуде", – деді Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Руслан Төлепбаев. 

Оның айтуынша, әдетте арқарлар таулардың биік нүктесінде жүреді. 


Оқи отырыңыз: Еділбай, Қаракөл, Меринос. Астанада асыл тұқымды қошқарлар аукционы өтеді


Халықаралық табиғатты қорғау одағының (IUCN) "Қызыл кітабында" арқарлар "жойылып кету қаупіне жақын" санатында тұр. Ал біздің ел аумағында кездесетін арқардың барлық түрі Қазақстанның "Қызыл кітабына" әртүрлі санаттар бойынша енген.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".