Павлодар облысында тұтас бір ауыл оқушылары биыл әлі мектепке бармаған

Оқу жылы басынан бері балалар Мәдениет бөліміне қарайтын ескі ғимаратта білім алса, кейін ол да жөндеуге жабылған.

Павлодар облысының Тереңкөл ауданына қарасты Березовка ауылындағы оқушылар екінші тоқсан аяқталуға таяса да, әлі мектепке барған жоқ. Өйткені, былтырдан бері карантинде бос тұрған білім ұясы, тура қыркүйекте күрделі жөндеу жұмыстарына жабылған, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Оқу жылы басынан бері ауыл балалары Мәдениет бөліміне қарайтын ескі ғимаратта білім алып келген. Бірақ, ол ғимарат та жөндеуге жабылып, оқушылар жаппай үйлерінен оқуға жіберілген. Пандемия кезінде бос тұрған ескі мектепті ауыл әкімдігі тек жаңа оқу жылы тақағанда күрделі жөндеуден өткізбек болған. Шағын мектепті жөндеу үшін 5 рет тендер жарияланған. Тура қыркүйекте мектеп күрделі жөндеуге жабылып, оқушылар ауылдағы Мәдениет үйінің ескі ғимаратында оқуға мәжбүр болған. Бірақ, бұл ғимараттың да тозығы жеткендіктен балалардың білім алуына жағдай жасалмаған. Сондықтан, шұғыл жөндеу жұмыстарына жабылған. Ал оқу басталғалы мектеп табалдырығын аттамаған балалар онлайн оқуға жіберілді.

"Біз мәдениет үйіндегі жөндеу жұмыстарын желтоқсан айының 16-на дейін аяқтауымыз керек. Сол үшін оқушылар онлайн форматқа көшірілді. Ғимарат іші негізінен жылы. Тек, жөндейтін жерлері бар", – дейді Березовка ауылының әкімі Оксана Жаркина.

Ал мектепті жаңарту жұмыстарын құрылысшылар жүргізіп жатыр. Үш айдан бері созбаққа салынған жұмыстарды облыс әкімі бір аптада бітіруге уәде етті.

"Тек қана 10 күн ішінде осы қиындықтар болды. Сондықтан осы бір жетіде мәселе шешіледі", – деді Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов.

Мектепті күрделі жөндеуден өткізуге 102 миллион теңге бөлінген.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".