Павлодар оқушылары 24 мың бөтелке қақпағымен жайлауды бейнеледі

Композиция "Жасыл желек" жобасы аясында салынған.

Iznbusiness.kz порталының хабарлауынша, Павлодар облысындағы №17 мектептің ұстаздары мен шәкірттері 24 мың бөтелке қақпағы мен басқа да қалдықтарды пайдаланып, "Жайлау" композициясын жасап шыққан. Бұл композиция облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен мектеп жанындағы оқу-тәжірибелік учаскелер арасында өтетін "Жасыл желек" байқауына ұсынылған.

"Жайлау" композициясы. Фото: Inbusiness.kz порталы

Порталдың жазуынша, бұл жоба – тек байқау емес, балаларды экологиялық тәрбиеге баулудың бір жолы. "Жайлау" композициясынан бөлек, оның аясында Ақсу қаласына қарасты Үштерек ауылындағы мектеп жанында дәрілік шөптер мен өсімдіктер өсірген. Оқушылар тәжірибе жасап, оларды сынақтан өткізеді.

Ал Шарбақты ауылындағы Галкин мектебі жанында 90-нан астам өсімдік түрі бар. Балалар жазғы демалыс кезінде оларды өздері күтіп-бағады.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".