Павлодарда бірқатар көшелер мен ғимараттарда кешке дейін жарық болмайды

Жөндеу жұмыстарының себебінен кешке дейін электр қуаты өшіріледі.

Павлодар облысының 109 бірыңғай байланыс орталығының мәліметінше, 4 наурызда трансформаторлық қосалқы станция, жиынтық трансформаторлық қосалқы станция және әуе электр беру желісінде жөндеу жұмыстары жоспарланған. Бұл туралы Pavlodarnews.kz жазды.

Аймауытов, Малинова, Новоселов, Клубничная, Сурова, Әуезов, Гайдар көшелері бойындағы тұрғын үйлерде кешкі сағат 16:00-ге дейін жарық өшіріледі. 

Ал кешкі сағат 17:00-ге дейін Катаев көшесі, 44 мекенжайындағы Әбусейітов атындағы мәдени демалыс орталығында, Катаев көшесі, 42 мекенжайындағы "Игрушки" дүкені және "Березка" шаштаразы мен тұрғын үйде жарық болмайды.


Оқи отырыңыз: Жылу мен жарыққа жарымай отырған атыраулық 4 мың тұрғын қыста жылусыз қалды


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".