Павлодарда бірнеше көше электр жарығынсыз қалды

"Оң жағалау" қосалқы станциясында апатты жағдайда электр жарығы өшіп қалды.

Апат салдарынан Павлодардың бір бөлігі жарықсыз қалды. Апатты қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Pavon.kz жазды.

"Оң жағалау» қосалқы станциясындағы апатты жағдайда электр жарығының өшіп қалуына байланысты Шокина, Мәшһүр Жүсіп, Астана, Горький, Амангелді, Кубанская көшелерінің ауданында электр қуаты шектелді. Қалалық электр станциясының қызметкерлері тұтынушыларды басқа қосалқы стансаларға жедел түрде қайта қосты. Усольский шағын ауданының тұрғындарын электрмен қамту қалпына келтірілді", – деп жазылған басылымда.


Оқи отырыңыз: Солтүстік Қазақстан облысында 150 елді мекен үш күннен бері жарықсыз отыр


Облыс орталығында түннен бері жаңбыр жауып, аздаған аяздың салдарынан көктайғақ болды. Бірінші ауысымдағы 1-9-сынып оқушыларының сабақтары қашықтан оқу режиміне көшірілді.

"Таңғы сағат 05:00-ден бастап қала көшелерінде 32 мамандандырылған техника жұмылдырылды. 200-ге жуық адам бордюрлерді, жолдарды, аялдамалар мен жаяу жүргіншілер өткелдерін тазалауда", – деді Павлодар әкімдігіндегі мамандар.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".