Педофилдерді кастрациялау: Заңды жазаны орындау не үшін кейінге қалдырылмақ?

Қазақстанда педофилдерді химиялық кастрациялау туралы заң 2018 жылы күшіне енген.

Ашық НҚА порталында қоғам талқысына ұсынылған Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша заң жобасында педофилдерді химиялық кастрациялауға қатысты өзгерістер бар. 

Заң жобасының жаңа мазмұнына сәйкес, химиялық кастрациялау жазасына кесілген педофилдерге бұл жаза ол бостандыққа шығардан 6 ай бұрын қолданылады. Бұл үшін түрме басшылығы педофил қылмыскердің жазасын өтеу мерзімінің аяқталуына 1 жыл қалғанда ол туралы материалдарды сотқа жібереді. Материалдарда сот-психиатриялық сараптама нәтижесі бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындау, ұзарту, өзгерту немесе тоқтату туралы ұсыныс болуы мүмкін. 

"Кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қатысты химиялық кастрация түріндегі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары олар босатылғанға дейін алты ай бұрын қолданылады. Осыған байланысты мекеме әкімшілігі жазаны өтеу мерзімі өткенге дейін 12 айдан кешіктірмей сот-психиатриялық сараптаманы тағайындау үшін психикалық ауытқулар және жыныстық зорлық-зомбылыққа бейімділік болу-болмауы туралы мәселені шешу үшін сотқа материалдарды жібереді", – делінген жоба мәтінінде.


Оқи отырыңыз: 


Әділет министрлігінің түсіндіруінше, сотталған адам бас бостандығынан айыру орындарында жазаны өтеу кезінде қоғамға қауіп төндірмейтіндіктен химиялық кастрация босатудың алдында ұсынылып отыр. Химиялық кастрацияны педофилге түрмеге түскен уақытында жасау экономикалық шығынға әкеледі және тиімсіз.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".