Перизат Қайрат ісі: Сот шешімімен қандай қымбат мүліктер тәркіленді

Тәркіленген мүлік заттай дәлелдемелер ретінде танылып, іс материалдарына қосылды.

ҚМА қоғамдық қайырымдылық қорының тең құрылтайшысы және басшысы Перизат Қайратқа қатысты тергеуді жалғастыруда, деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметі

Соттың санкциясымен қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған Астана қаласындағы Akbulak Riviera, Highvill Ishim Gold, "Көк Жайлау" (тұрақ орындарын қоса алғанда), Sensata Plaza ТК, сондай-ақ Vela Village коттедж қалашығындағы элиталық жылжымайтын мүлік, Mercedes-Benz S450, Mercedes-Benz EQE 500, Lexus LX-600, Haval автомобильдері тәркіленді. 

Перизат Қайраттың тұрғылықты жерін тінту барысында қайырымдылыққа жиналған қаражатқа сатып алынған қымбат техника, Cartier, Graff, Rolex, Bulgari, Gucci, Louis Vuitton, Versace, Chopard, Hermes, Dolce & Gabbana, Prada және т. б. сияқты танымал әлемдік брендтердің киім, аяқ киім, зергерлік бұйымдар, сөмкелері табылып, тәркіленді. 

Тәркіленген мүлік заттай дәлелдемелер ретінде танылып, іс материалдарына қосылды. Тәркіленген заттар бойынша сол анықтайтын болады. Тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды. 

Еске сала кетейік, Перизат Қайрат көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету үшін, сондай-ақ Палестина тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету мақсатында жиналған 1,7 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деп күдікке ілінген болатын.  


Оқи отырыңыз: 


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".