Петропавл – Қызылжар, Павлодар – Ертіс не Кереку. Перуашев қалалардың тарихи атауын қайтаруды ұсынды

Депутаттың айтуынша, бұл мәселеге қатысты соңғы шешімді Парламент емес, президент қабылдайды.

Петропавл мен Павлодар қалаларының тарихи атауын қайтару керек, деп мәлімдеді "Ақ жол" партиясының депутаты Азат Перуашев мәжіліс кулуарында. 

"Бұл қалалар ақ патшаның кезінде салынған деп айтып жатқанымен, бұл жер қазақтыкі. Ол жерлер босқа жатқан жоқ. Бабаларымыздың білек күшімен, найзаның ұшымен жеткен. Сол үшін осы қалаларға тарихи атауын қайтару керек деп санаймын", – деді депутат.

Азат Перуашев Петропавлды – Қызылжар, Павлодарды Ертіс немесе Кереку деп атауды ұсынды. Алайда бұл мәселеге қатысты соңғы шешімді Парламент емес, президент қабылдайтынын ескертті.


Оқи отырыңыз: Ақжайық, Алтай, Қызылжар, Баянауыл. Ұлытау әкімі бірқатар облыс атауын өзгертуді ұсынды


Журналистер депутаттан "Ресей мен Украина арасындағы жағдайға байланысты қала атын ауыстыру істеу қауіпті емес пе?" деп сұрады.

"Меніңше, көршілермен қанша санассақ та, ел өзіміздікі, жер өзіміздікі, соны ұмытпауымыз керек", – деді депутат.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".