Петропавлда алып бала дүниеге келді

Салмағы 5100 грамм болатын сәби 7 қазан күні облыстық перзентханада туған.

Солтүстік Қазақстан облысының перинаталдық орталығында салмағы 5100 грамм болатын алып бала дүниеге келді, деп хабарлады облыстық перинаталдық орталықтың баспасөз қызметі.

Орталық директоры Елена Калюжнаяның айтуынша, бала мен анасының жағдайы жақсы. Алып нәресте отбасындағы екінші бала екен. Сондай-ақ, ол – облыс бойынша 2022 жылы дүние есігін ашқан алғашқы алып бала.

Айта кетейік, медицинада ұрық салмағы 4 келіден асса, ірі, ал 5 келіден асса, алып саналады.


Оқи отырыңыз: Шала туған сәбиді қалай аман алып қаламыз? "28 ілмек" мүшесімен сұхбат


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".