Полиция қызметкерлері 127 заңсыз қоқыс орнын анықтады

Жалпы 19 274 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді.

15 сәуірден бастап республика аумағында тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын қоқысқа белгіленбеген жерлерде қалдырып кету, сұйық қалдықтарды заңсыз төгу фактілеріне жол бермеу бойынша арнайы акция өткізіліп жатыр. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

Акция басталғалы бері полицейлер 127 заңсыз қоқыс орнын анықтады. Олардың 32-сі елді мекендерден шалғай жерлерде орналасқан. Жалпы 19 274 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді, оның ішінде 5 488 факті ортақ пайдалану орындарын ластаумен, 13 786 факті абаттандыру ережелерін бұзумен байланысты.


Оқи отырыңыз: Электр желілерінің әр 10 шақырымында орта есеппен 3 құс өледі. Жартысынан көбі Қызыл кітапқа енген


ІІМ азаматтарды табиғатты аялауға, қоршаған ортаны ластамауға, экологиялық заңнаманы сақтауға шақырады.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".