Президент: Әр отбасында көк байрағымыз тұрса, өте жарасымды болатыны сөзсіз

Мемлекет басшысы Қазақстан туында халықтың бүкіл рухы көрініс тапқанын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның барша азаматтарын біріктіріп, ортақ іске жұмылдыратын символдардың бірі – Мемлекеттік ту екенін сөз етті.

"Егемен елдің аспанында, Біріккен Ұлттар Ұйымының төрінде желбіреген туымыз – бәріміздің мақтанышымыз. Қазақстанның көк байрағы ғарышқа сапар шекті, ең биік шыңдарда желбіреді. Туымызға арналған керемет әндер, өлең-жырлар бар. Әрбір азаматымыз оларды тыңдаған сайын ерекше рухтанады", – деді президент.


Оқи отырыңыз: Тоқаев: Ұлтымыздың азаттыққа деген ұмтылысы Желтоқсан оқиғасы кезінде айқын көрінді


Қазақстанда президент тапсырмасы бойынша елімізде мемлекеттік рәміздерді пайдалану ережесі өзгертілді. Енді әрбір азаматымыз қастерлі Отанымызға деген сүйіспеншілігін мемлекеттік рәміздерге құрметі арқылы көрсете алады. Көк туды қоғамдық жерлерде және жекеменшік орындарда қоюға еш тыйым жоқ.

"Біз домбыраға әр қазақтың төрінен орын бар дейміз. Бұл – дұрыс. Сол сияқты еліміздің әр отбасында көк байрағымыз тұрса, өте жарасымды болатыны сөзсіз. Біздің туымызда халқымыздың бүкіл рухы көрініс тапқан. Оған елдің терең тарихы, салт-дәстүрі, мәдениеті, бір сөзбен айтқанда, ұлт құндылықтарының барлығы сыйып тұр", – деді мемлекет басшысы.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".